2 млн теңгенің заңсыз тауарларын Өзбекстан арқылы алып өтпек болған

Dalanews 24 шіл. 2020 10:42 260

«Қапланбек» кеден бекетінде заңсыз жүк қолға түсірілді, деп хабарлайды Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Түн ішінде Өзбекстаннан Қазақстанға бағыт алған автокөлікті тексеріп, сканерлеу кезінде декларацияланбаған тауар болғаны анықталған. Қазақстан азаматы шекара арқылы «AKARA BIO препаратын» (акарицид) пестицидтерін заңсыз алып өтпек болған.

Ондағы 50 қаптаманың әрқайсысында бес литрлік 4 ыдыстан бар. Заңсыз тауардың құны 1 454 545 мың теңгені құрайды.

Бірнеше күн бұрын дәл сол кеден бекеті арқылы басқа Қазақстан азаматы декларацияланбаған темекі бұйымдарын алып өтпек болып еді. Оның  Өзбекстанға бағыт алып бара жатқан автокөлігінен кедендік тексеру кезінде жасырылған 600 қорап «Heets» темекісінің стиктері табылды. Анықталғандай, тауарды Ресей Федерациясынан алып келе жатқан.

Бұл фактілер бойынша барлық материалдар тергеу іс-шараларвн жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өткізілді.

 Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x