Әндіжанның әкімі брифингте журналистерге 500 доллар сыйақы таратыпты

Dalanews 24 шіл. 2020 08:15 215

20 шілдеде Әндіжан облысының басшысы Шухрат Абдурахмановтың коронавируспен күрес мәселелері туралы брифингі қарсаңында журналистерге 5 миллион сумнан таратты.

Облыс басшысының баспасөз қызметі журналистерге бұны "әкімнің кәсіби мерекеге арналған сыйлығы" деп түсіндірген. Журналистердің кәсіби мерекесі бір ай бұрын өтіп кеткен еді. Әндіжан облысының басшысы бұған дейін де футболшыларға, мақта терушілерге, ақындар мен бишілерге ақша мен қымбат көліктер таратқан.

– Мұндай брифингтерге бара бермейміз. Сол себепті бізге брифингке қатысып, әкімгің сыйлығын алыңдар деп алдын ала хабарлады. Баспасөз қызметінің өкілдері журналистерге ақша таратты. Брифингке жиырмадан астам журналист келді. Біз ақшаны әкімнің сыйлығы деп алдық, – дейді әндіжандық журналист Акмаль Муйдинов.


Дегенмен журналистердің кейбірі бұны мүдделер қайшылығы деп қабылдап, ақшаны алудан бас тартқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары шенеунік қымбат сыйлыққа ақшаны қайдан алғанын білгісі келеді. Мұндай сұрақтарға хоким Абдурахманов: "сыйлықты кім көрінгенге емес, өз халқыма тарттым", - деп жауап беретін. Дегенмен бұндай сыйлықтардың көзін Әндіжан басшысы ешқашан айтқан емес.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x