Кім кәсіпкер? Сейсембай – Жұмағұлов

Dalanews 12 шіл. 2020 07:53 327

Қазір мемлекеттік компанияларды басқарып жүрген басшылардың дүние-мүлкі әшкере болып, ісінен ши шықса, «мемлекеттік қызметке келмей тұрып, бизнеспен айналысып, сол кезде жинаған дүние-мүлкім еді» деп ақталатын әдет пайда болды. Күні кеше ғана Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының экс-төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың жұбайы әлеуметтік желідеге парақшасында 12 көлікке қатысты әңгіме өрбіткенде көліктерді бизнесте жұмыс істеген кезінде алған айтып ақталды.  

Жалпы жауапты мемлекеттік қызметте отырған адамның бұлайша ақталуы қаншалықты орынды?

Рас, қазір мемлекеттік компанияларда кезінде... бизнесте табысты жұмыс істеп, бүгінде өзінің іс-тәжірибесін мемлекеттік қызметте «сынап» жүрген менеджерлерден аяқ алып жүре алмайсыз.

Біздің білуімізше, бизнесте табысты жұмыс істеген адамдар дәл қазіргі уақытта «ат басындай алтын берем мемлекеттік қызметке бар» десеңде бармайды.

Айталық, 90 жылдары бизнесті дөңгелетіп, миллиард доллар тапқан Марғұлан Сейсембай неге министр болуға, «Самұрық – Қазынаға» қарасты көп компаниялардың бірін басқаруға неге ұмытылмайды? Керек десеңіз, Сейсембай Президенттің жанындағы Ұлттық сенім кеңесіне мүшесі болудан бас тартқанын білеміз.  


Сол сияқты «Astana Motors» компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов неге минситр болуды армандамайды?

Сол сияқты құрылыс саласында аты шыққан Айдын Рахымбаев пен медиа саласының жілігін шағып майын ішкен Арманжан Байтасовтың министр болып, мемлекеттік компанияны басқаруға қабілеті жетпей ма? Жетеді. Жеткенде қандай?

Бұларды нағыз кәсіпкерлер. Смағұлов десеңіз «Astana Motors», Сейсембай десеңіз «Алянс банк», Рахымбаев ауызға алсаңыз «BI Group» комапниясы өздігінен тіл ұшына орала кетеді.

Бұл азаматтар «кәсіпкермін, әйеліме миллион долларға көлік алып бердім» десе ешкім оларға қарсы дау айтпайды. Өйткені оларға халық сенеді. Ал Айбатыр Жұмағұловтың «кезінде кәсіпкерлікпен айналыстым, 12 көлікті сол кезде ауыстырып алдым» деген сөзіне ешкім де сенген жоқ. Оның бұл сөзі қайта жұрттың ашуын туғызғаны анық.


Иә, Айбатыр Жұмағұлов еліміздегі іргелі коммерциялық банкте және «Бауыр Қазақстан» деген компанияларды жауапты қызметтер атқарғаны белгілі. Айтпақшы, Жұмағұловтың бизнесте табысты жұмыс істеген жылдары «Банк ЦентрКредит» банкінде қызмет еткен жылдарымен тұспа-тұс келеді екен.

Иә, банкте өзіне тапсырылған жұмыстарды табысты атқарып, банк қожайындарының көңілінен шыққан шығар (мұны енді бизнес саласында табысты жұмыс істедім деп айтуға бола ма?).

Сөз жоқ, Жұмағұлов «білікті экономист, маманмын» деп айтуға құқы бар. Бірақ кезінде бизнеспен табысты айналысып, қомақты қор жинадым деп айтуы артықтау.

Иә, қазір мемлекеттік компанияларға ірі қаржылық топтарға жақын жүретін қаржыгер, экономистер келіп жатыр. Оларды білікті бизнесмен деп айту артық. Сол себепті олар жаза басқанда «бұрын бизнеспен айналысқанда алған дүние-мүлкім» деген сөздеріне халық сенбейді. Ал бұған халықтың сенбеуге қақысы бар.

Жарбол КЕНТҰЛЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x