Шығыс Қазақстанда індетке қарсы бір айға жететін дәрі-дәрмектің қоры бар

Dalanews 11 шіл. 2020 04:38 195

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдин, ШҚО әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары В. Ли, ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Кунапьянованың қатысуымен «ШҚО-да коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтті.

– Қазір өңірдің инфекциялық, провизорлық ауруханаларында 154842 ыстық түсіретін, 28442 вирусқа қарсы препараттар, 313518 антибиотик бар. Медицина мекемелерінде дәрі жоқ, деп ақпарат таратушылар сөзі жалған. Бұл дәрілер стационарларда бос орын қалмаған кезде 1 айға жеткілікті.

Осы орайда өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы аудан, қала әкімдеріне ауруханалардағы дәрілер туралы деректерді жариялауды тапсырды, – дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары В. Ли.


Өз кезегінде Жігер Байділдин мен Маржан Бахыт тікелей эфир тыңдармандарына қазіргі уақытта біздің облыста, сондай-ақ республиканың әр өңірінде бағаны көтеру фактілерін анықтау үшін дәріханаларда рейдтер жүргізу бойынша мониторингтік топтар құрылғандығы туралы ақпарат берді. Мониторинг барысында, препараттарды қымбатқа қайта сатумен айналысатындар анықталып, олар жауапкершілікке тартылатын болады.

Тікелей эфир барысында спикерлер дәрілік заттардың бағасын көтеру, қаланың дәріханаларына қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері және COVID-19-пен байланысты жалған ақпарат тарату туралы уәкілетті органдардың қабылдаған шаралары туралы сұрақтарға жауап берді.


Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x