Алматы облысында үш аусымды мектептерді жою маңызды міндеттердің бірі

Dalanews 10 шіл. 2020 12:15 335

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 977 жобаны жүзеге асыру көзделінген. Олардың арасында білім беру, мәдениет үйі және ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, мектеп сыртындағы дәретханаларды ішке кіргізу, аулаларды аббаттандыру және жарықтандыру сынды маңызды жобалар бар. Сонымен қатар осы бағдарламаның көмегімен өңірдегі ауылдарға газ тарту жұмыстары да қарастырылғанын айта кетуіміз керек.  

Қазіргі таңда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында 33 жоба іске асып, оған 9,9 млрд теңге бөлінді. Қолға алған жобалардың арқасында Талдықорған қаласының 989 тұрғыны жұмыспен қамтылған. Қаладағы маңызды жобалардың бірі ретінде №21 орта мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысын атап айтуға болады. Білім ордасын қалыпқа келтіру үшін әкімдік 805 млн теңге бөлген.

Қазіргі таңда Алматы облысы әкімі Амандық Баталов мырза вирус жұқтырып, індетпен күресіп жатқаны белгілі. Облыс басшысы денсаулығы сыр берсе де «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағадарламасына айырқша мән беріп, жоспарланған жұмыстарды мерзімінде аяқталуын қадағалауда. Осындай жауапкершіліктің арқасында бірқатар нысандардың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, халықтың пайдалануына берілгенін атап айтуға болады.


Айталық, Елорда күні қарсаңында Ақсу ауданында 6 спорттық алаңы, Шамалғанда 1,5 гектар аумаққа созылған жаңа саябақ және Текелі қаласында спорттық аулалар пайдалануға беріліп, облыс тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қазіргі таңда Алматы облысында үш аусымды білім беретін мектептерді жою маңызды жұмыстардың бірі болып тұр. Бұл бағытта 17 білім беру мекемесінде қарқынды құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін 10 мектептегі үш аусымдық білім бер жойылып, жаңадан 10 500 орынға арналған білім беру нысандары оқушылардың пайдалануына беріледі деп күтілуде. Қалған 7 нысан 2021 жылы толықтай аяқталады. Бұдан басқа облыста 16 жаңа мектептің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Осылайша Алматы облысы әкімдігі алдағы уақытта оқушылардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасауға күш салуда.

Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысында қазір «Жұмыспен қамтыудың жол картасы – 2020» бағдарламасы қарқынды іске асуда. Әкімдік қызметкерлері аталған бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан жобалар мен жаңадан ашылған жұмыс орындар жайында арнайы ролик те түсіргенін атап айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x