Өзбектер Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізді

Dalanews 07 мау. 2020 05:19 337

Түркістан қаласына Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің тапсырмасы аясында үш жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді.

Керуенді қарсы алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов өңір тұрғындары атынан алғыс айтты. Арнайы шараға қатысқан Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Ниязходжаев сын сағаттарда бауырлас елдер бір-біріне қолдау білдіру қажеттігін айтты.



Көрші елден 150 мың медициналық бетперде, 2500 қорғаныс киімі, 150 мың медициналық қолғап,


1000 термометр және 440 кереует келген.

Аталған көмек алдағы уақытта Түркістан облысының барлық медициналық мекемелеріне үлестірілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

 

https://dalanews.kz/53629

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x