Алакөл 13 маусымнан бастап туристерді қабылдайды

Dalanews 04 мау. 2020 08:35 160

Жаздың жайма шуақ күндерінде әдеттегінше халық шомылу маусымының ашылуын күтеді. Биылғы жылы Көлсай көлдері, Алтынемел ұлттық парктері, Ұйғыр ауданының термалды суларының демалыс орындары жұмысын бірінші маусымнан бастайды. Ал кісі қарасы үзілмейтін Алакөл айдыны 13 маусымнан бастап барша келушілерге есігін айқара ашпақшы.

Қос облыстың аумағында орналасқан дертке дауа, емге шипа көлдің туристік нысандары бір күнде қатар жұмысын бастауды жоспарлауда. Аталған аймақта демалушылардың тез жетуіне ығай жасау мақсатында Үшарал қаласына Елордасы Нұр-Сұлтан мен Алматы, Талдықорған қалаларынан әуе кемесі қатынайтын болады.

– Алдағы уақытта күніне 5-6 рет ұшақ Талдықорғаннан Үшаралға қарай көкке көтеріледі.  Алматы қаласынан Ақшиге дейін 20-дан астам вагон туристерді діттеген жеріне жеткізеді, – деді өңір басшысы Амандық Баталов.


Бүгінде әлеуеті артқан айдынды мекенге келушілер саны артып келеді. Мәселен, 5 жылдыққа көз жүгіртсек, 400 мыңға жуық адам демалысын дәл осы көл жағасында өткізген.

Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x