Алматының блок-бекеттері әлі ашылмайды

Dalanews 28 сәу. 2020 05:26 156

Күн сайын сағат 18:00-ге дейін тізім жасалады.

"Блок-бекеттер алынбайды, бұл карантиннің басты талабы", деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Күн сайын сағат 18:00-ге дейін тізім жасалады, кәсіпорындар жұмысын жалғастыруға рұқсат ету үшін комиссия сол күні немесе ертеңгі күні аудит жүргізеді.

Кәсіпорындардың 40% өз жұмысын бірден қайта жалғастыра алмады, себебі олар ТЖ режимінің талаптары аясында жұмыс істеуге дайын емес болған, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x