«Шеврон» компаниясы Қытай дәрігерлерінің Қазақстанға келуіне көмек көрсетті

Dalanews 16 сәу. 2020 06:35 169

Коронавируспен күресу үшін елімізге шақырту алған Қытай дәрігерлерінің Қазақстанға келуіне «Шеврон» компаниясы жәрдемдесті.

 Нақтылап айтқанда 10 адамнан тұратын медбригадан бөлек, Қытайдан жеткен гуманитарлық көмектің тасымалына «Шеврон» компаниясы қаржылай әрі техникалық қолдау көрсетті.

Бұдан бұрын Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы тілдескен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған медбригаданы елімізге жіберу туралы сөз байласқан.


Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық департменті директоры Мағрипа Ембергенованың пікірінше Қытай дәрігерлері Шыңжаңда коронавируске қарсы күресіп, әбден шыңдалған.

Осынау делегециямен бірге Қытайдан Қазақстанға 5,5 тонна гуманитарлық көмек, оның ішінде дәрі-дәрмек, мед.маска және мед.техника қоса жетті.



Осы сапарды ұйымдастырушылардың бірі Колумбия университеті жанындағы ICAP орталығының Орта Азия бойынша директоры Анна Дерябинаның айтуынша Қытай дәрігерлерінің Қазақстанға келуі "Шеврон" компаниясының қаржылай қолдауы арқасында жүзеге асқан.

«Биыл біздің орталық «Шеврон» компаниясынан грант алды. Жобаның басты мақсаты – Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отыра, әзір вируске қарсы күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлер мен мед.орталықтардың әлеуетін арттыру еді.

Мінекей, коронавируске қарсы күресте мол тәжірибесі бар Қытай мамандарын Қазақстанға шақыру – осынау жоба аясында өткізілген алғашқы шара болды», – дейді ол.

ІСАР орталығы медицина саласында инновациялық жобалар әзірлеп, оны қолданысқа енгізумен айналысады. 2011 жылдан бері ІСАР Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен ВИЧ-инфекция жобаларының нәтижесін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Ал елімізге табан тіреген қытай дәрігерлері коронавируспен күресте білгенін бөлісуге әзір отыр. Олар Қазақстанда 15 күн болады.


«Қытайдан арнайы келген медбригада Шыңжаңда коронавируске қарсы күресіп, шыңдалған дәрігерлер. Олардың арасында әзіргі күні ауадай қажет пульмонологтар, эпидемиологтар, инфекционистер, неврологтар және басқа да жоғары санатты мамандар бар.

15 күн ішінде олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы ауруханаларға барып, ондағы қауіпсіздік шарасымен танысады әрі дәрігерлерге арнап онлайн дәріс өткізеді», – дейді Анна Дерябина.



Бұдан бөлек Қытайдан жеткен арнайы бригада коронавирустың дәрігерлер арасында таралуына тосқауыл болатын әдіс-амалдармен бөліспек.

«Вирус Қытайда 3 мыңнан аса дәрігерге жұқты. Оның 90 пайызы Уханнан анықталды. Кейіннен дәрігерлер арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп, олардың науқаспан байланыс орнатуға қатысты сауатын арттырып, қажетті керек-жарақпен қамтамасыз еттік.

Соның нәтижесінде вирус жұқтырған дәрігерлер санын азайттық», – дейді осы делегация құрамындағы жұқпалы аурулар дәрігері Лу Сяобо.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған дәрігерлер саны 120, олардың 67-і вирус жұқтырған азаматтарға тікелей көмек көрсеткен.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтардың 80 пайызы ауруды жеңіл өткеруде екенін айтқан. Алайда індеттің шарықтау шегіне әлі жетпегенімізді еске салған-тын. Біртанов алдағы 2 апта ел үшін өте ауыр болатынын ескерткен.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Қазақстандағы төтенше жағдай 30 сәуірге дейін созылды. Мемлекет басшысы сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы жәна Шымкент қаласындағы карантинді айдың аяғына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Дәл қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны 800-ден асты, олардың ішінде 17 адам ауыр халде жатыр.
«Қытайдан келген медбригада елдің осы індеттен тезірек арылуына атсалысады. Олардың вирусты анықтаудағы шапшаңдығы, ем-дом тәсілдері және инфекцияның таралуын бақылау жолдары нәтижесін береді деп сенейік. Осы іске барынша қолдау көрсеткен «Шеврон» компаниясына алғысымды білдіремін", - дейді Анна Дерябина.
Айта кетелік бұдан бұрын «Шеврон» компанияның қаржылай қолдауымен Алматы қаласындағы клиникалық инфекциялық балалар ауруханасына жалпы құны 71,8 млн теңгені құрайтын жаңа екі жасанды тыныс алу аппараттары табысталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x