"Даулы мақаланың мәнісі...". Қазақстан Қытайға наразылық нотасын жолдады

Dalanews 14 сәу. 2020 09:41 128

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай елшісіне Қытайдың веб-сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға қайта оралғысы келеді" деген мақалаға байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бүгін -14 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесу өтті, оның барысында қазақстандық тарап қытайдың www.sohu.com веб-сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға қайта оралуғысы келеді" деген мақалаға байланысты қарсылық білдірді, - делінген министрлік хабарламасында

Қытай елшісіне мұндай мақаланың жариялануы елдер арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік шартына сәйкес келмейтіндігі туралы хабарланды.

Тараптар ақпарат тарату және бұқаралық ақпарат құралдары саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті.


Сондай-ақ, Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының елшілігі Қытай Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x