Өзбек мигранттары: «Үйімізге қайтқымыз келеді»

Dalanews 31 нау. 2020 03:24 288

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің 30 наурызда мәлімдеуінше, Ресейдегі өзбек мигранттарын елге жеткізетін чартерлік рейстер болмайды.

"Әлеуметтік желілерде Ресейдегі өзбек азаматтарын елге жеткізетін чартерлік рейстер бар деген мәліметтер тарады. Алаяқтар елге қайтқысы келетін жолаушылардың тізімін жасай бастаған" делінген министрлік мәліметінде.

Министрлік еңбек мигранттарын алаяқтарға алданып қалмаңдар деп ескертті.

16 наурызда Ресей мен Өзбекстан арасында темір жол байланысы тоқтады. 18 наурызда мыңдаған өзбекстандық Ресей әуежайларында елге қайта алмай қалғаны мәлім болды.


Өзбекстанда 149 адам коронавирус жұқтырған, екі адам қаза тапқан, жеті адам жазылып шыққан.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x