Мейрамбек: «Қуанышты бөлісеміз деп, қайғыға ұрынып қалмайық»

Dalanews 16 нау. 2020 08:03 202

Қазақ өнерінің дүлділі Мейрамбек Беспаев коронавирусқа қарасы той-томалақты тоқтауды қолдайтынын әлеуметтік желідегі парақшасында ашып жазды.

– Қадірлі ағайын, ардақты бауырлар! Елімізге келген аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Біз әлі де мән бермей жүрген сияқтымыз. Өкімет барлық іс-шараны толығымен тоқтатты. Жекелеген той-томалығымызды да кейінге қалдырғаны дұрыс болды.

Қуанышымызды бөлісеміз деп жүріп, қайғыға ұрынып қалмайықшы. Осы сынақтан аман-есен өтіп алудың амал-шартын қарастырғанымыз жөн. Ағайын-туғанның амандығын ойлайық. Дәл қазір коронавирусты күлкіге айналдырып әзіл айтатын, жырқылдап ән салатын уақыт емес.


Айтылып және жазылып жатқан кеңестерге құлақ түрейік. Мен үшін қазағымның амандығы бәрінен жоғары. Әлемнің алпауыт елдерін жайпап келе жатқан індет шындап кіріссе бізді де аямайды. Құдай бәрімізге қуат беріп жақсы күнде жолығуды жазсын, – деді Мейрамбек Бесбаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x