Коронавирус Өзбекстанға да жетті

Dalanews 16 нау. 2020 03:43 198

Кеше Франциядан оралған Өзбекстан азаматынан коронавирус табылды. Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі агенттігі хабарлады.

"Қазір бұл оқиғаға байланысты эпидемиологиялық зерттеу және профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр" делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Өзбекстан билігі Франция, Испания, Ұлыбритания, Иран, Жапония, Ауғанстан, Италия және Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын тоқтатқан.


Өзбекстан – Орталық Азияда коронавирус табылған Қазақстаннан кейінгі екінші мемлекет. 13 наурызда Қазақстан төрт адамнан коронавирус табылды деп алғаш рет мәлімдеген. 15 наурызда олардың саны тоғызға жетті.

15 наурыз күнгі жағдай бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 155 мыңнан асқан. Вирус 142 мемлекеттен табылған. 5800-ден астам адам көз жұмған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x