Бекшин: "Елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін"

Dalanews 10 нау. 2020 11:23 181

Бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирустың қашан келеріне қатысты болжам жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz


Бекшиннің айтуынша, қауіпті індет елімізге наурыз 11-і мен 16-сы аралығында келуі мүмкін.



"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында Қазақстанда коронавирус таралады. Алайда бұл тек болжам, ол расталмауы да мүмкін", - деді Бас санитар.

Бекшин Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда бірден арнайы іс-шаралар жүргізілетінін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай жағдайға арналған Б жоспары бар. Оқу орындары жабылып, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады, науқастар мен байланыста болғандарды мәжбүрлі оқшаулау талаптары жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарынан бастап коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін күшейтудің төрт кезеңі жүзеге асырылды, шекараларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді, коронавирус таралған елдермен әуе қатынасы шектеліп, тоқтатылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанынан 4 наурызына дейін Қазақстанға мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам келді, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992,623 адам. 6 қаңтардан 5 наурызға дейін Қазақстанға Қытайдан мемлекеттік шекара арқылы 33124 адам келді.

7 наурызда Қазақстан коронавирус таралуы қауіпі жоғары елдердің тізімін жаңартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x