Бекшин: "Коронавирус? Мектептерге карантин енгізбейміз"

Dalanews 03 нау. 2020 11:29 161

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерге карантин енгізілгелі жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мессенджерлер арқылы коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектептерде карантин енгізу туралы қауесет тарап жатыр. Осыған байланысты балалар демалысқа ертерек жіберілетіні де онда айтылған.

Санитарлық қызмет карантин енгізу туралы нұсқаулар берген жоқ. Тиісінше, әзірге мектеп демалысы туралы мәселе туындаған жоқ, - деді Бекшин.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x