Байлар бір күнде 139 млрд долларын жоғалтты

Dalanews 25 ақп. 2020 05:34 241

АҚШ пен басқа да елдерде қор саудасындағы индекстердің айтарлықтай төмендеуіне байланысты әлемнің ең бай 500 адамының жиынтық жағдайы дүйсенбі күні шамамен 139 млрд долларға қысқарды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі сілтеме жасап ҚазАқпарт хабарлады.

Бұл – 2016 жылдың қазан айында агенттік осындай бақылаулар жүргізе бастаған сәттен бастап есептегендегі рейтингке енгізілген адамдардың жоғалтқан ең көп шығындары.

LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) француз компания тобының бас директоры Бернар Арно мен Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безостың әрқайсысы 4,8 млрд доллардан айырылған.


Олар – тізімге енген аса бай бизнесмендердің арасындағы ең көп шығынға ұшырағандар.

Безос бұрынғыша әлемдегі ең бай адам, ал Арно аталған көрсеткіш бойынша үшінші орында тұр. Zara испандық сауда желісінің қожайыны Амансио Ортеганың жағдайы 4 млрд долларға, Facebook компаниясының басшысы Марк Цукербергтікі 3,48 млрд долларға, ал Google компаниясының негізін қалаушы Ларри Пейдждікі 2,7 млрд долларға азайған.

Агенттіктің бағалауына сәйкес, ресейлік миллиардерлердің ішінен соңғы тәулікте «Лукойлдың» президенті Вагит Алекперов бәрінен көп ақша жоғалтты. Оның қаржысы 1,21 млрд-қа азайған.


Екінші орында – «Новатэка» басшысы Леонид Михельсон (692 млн доллар), үшінші орында «Лукойл» вице-президенті Леонид Федун (508 млн доллар). АҚШ-тағы қор саудасы дүйсенбі күні жаңа коронавирустың таралуы әлемдік экономикаға залал келтіруі мүмкін деген қауіптерге орай баға белгіленімдерінің төмендеуімен аяқталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x