Атырауда Қытай азаматы көз жұмды

Dalanews 24 ақп. 2020 12:31 156

22 ақпанда таңертең Қарабатандағы Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс алаңында Қытайдың 50 жастағы азаматы есінен танып құлады, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенмен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.

21 ақпанда мердігер компанияның бұл қызметкері өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, медициналық бекетке барып көрінген. Оның қан қысымы көтеріліп тұрғаны анықталып, медициналық көмек көрсетілген. Таңертең ол асханаға бара жатқан жолда есінен танып, қайтыс болды. Дәрігерлер мидағы қан айналымының бұзылуы салдарынан осындай қайғылы жағдай тіркелгенін айтты.

Зертханалық тексеру де марқұмда мидың қан айналымы жүйесі қатты бұзылғанын көрсетті.


Компанияның баспасөз қызметі марқұмда коронавирустың белгілері болмағанын, яғни дене қызуы көтерілмегенін, жөтеліп немесе тамағы қызармағанын айтты. Қарабатандағы кешен құрылысына тартылған компаниялар өз жұмысшыларының денсаулығын үнемі қадағалап отырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x