Ахметов: "Шекаралық аудандар? Оларды дамытуға 207 млрд. теңге төлінеді"

Dalanews 19 ақп. 2020 10:25 221

 Тұрғындар алдында есеп берген өңір басшысы Даниал Ахметов бүгінде облыстың 40 пайызға жуық халқы тұрып жатқан ауыл-аймақ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ерекше назар бөлініп отырғанын атап өтті.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Глубокое, Көкпекті, Күршім және Үржар сияқты 4 тірек ауылда жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгеге жуық 8 жоба іске асырылды. Аталмыш жобалар шеңберінде елді мекендердегі көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, үш дене шынықтыру – сауықтыру кешені (Көкпекті, Күршім, Үржар) мен бір Мәдениет үйінің (Глубокое кенті) іргетасы қаланды.

2020 жылы 20 елді мекенде құны 7,2 млрд. теңгелік 54 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Облыстың 116 тірек ауылы арнайы жобаға еніп, мемлекеттік қолдауға ие болады.

Бұдан бөлек, Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар сияқты шекаралық аудандарды 2020-2024 жылдарға арналған дамыту жоспары бекітілді.

Бес жыл ішінде бұл мақсатқа түрлі көздерден 207 млрд. теңге жұмсау көзделіп отыр.


Инвестициялар кәсіпкерлік пен туризмді, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғынүй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалмақ.

Жобаларды іске асыру нәтижесінде жаңадан жұмыс орындары ашылады. Аталған аудандардағы ауыл тұрғындарының орталықтандырылған ауызсуға деген қолжетімділігі 94 пайызға көтеріліп, жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар көрсеткіші 86 пайызға жетеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x