Мұхтар Тайжан: "Мәжіліс депутатының інісі жайылым жерді қоршап алған"

Dalanews 16 ақп. 2020 05:16 228

 Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Н. Ілиясов ауылына барған саясаткер, қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі Мұхтар Тайжан осыған куә болды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ал жергілікті халық Тайжанды жайылым жерлер жетпегесін Жер заңын, космомониторингті түсіндіруге шақырған екен.

"Жайылым жерлер бар ғой, бірақ бір отбасы қоршап алған. Бүгінгі қазақ ауылының классикалық проблемасы. Қоршап алған кісі кім?

Мәжіліс депутаты Абзал Ералиевтың інісі - Дархан.


Бос тұрған жайылым жерлерін неге халыққа босатып бермеске?

Ал жергілікті ауыл әкімі 1990 жылы туған Сағадат Нұрмағанбетұлы деген жас жігіт бізге жиын өткізу үшін тіпті Мәдениет үйін де бермей қойды. Одан бұрын бұл жігіттің әкесі де, ағасы да бұл ауылдың әкім болып істеген. Ким Ир Сен, Ким Чан Ир секілді бұл ауылда династия пайда болған секілді...

Бізбен бірге жайылым жерлерді талқылаудың орнына полицияны шақырып қойды. Бірақ мен сол ауылға тағы барам, жергілікті халықпен жиынды тағы өткізуге тырысамыз. Біріксек қана жерімізді латифундисттерден босата аламыз!", – деп жазды Тайжан өзінің желідегі парақшасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x