"Оның отырысы сондай". Депутаттар қалың ұйқыдағы Косаревты жақтап шықты

Dalanews 31 қаң. 2020 11:28 282

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Мәжіліс отырысында ұйықтап отырған коммунист Косарев қызу талқыға түсті. Депутаттың әріптестері оның "отырысы сондай" деген сыңайда пікір білдірді деп хабарлайды Dalanewz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Желіде тараған видеода бірінші депутаттың сұрақ қойып жатқанын көруге болады. Оның жанында отырған мәжіліс депутаты Владислав Косарев көзін жұмып отыр.

Алайда оның не ұйықтап, не қалғып отырғаны белгісіз. Бұл жағдайға қатысты Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі видеоны көргенін атап өтті.

"Видеоны көрдім. Онда депутат ұйықтап отырған жоқ. Ол кісінің отырысы сондай, 82 жастағы азамат қой, әрі коммунистік партия атынан сайлаған мәжіліс депутаты. "Бір депутат ұйықтап отыр" деп барлығына күйе жағуға болмайды. Әр адам өз әрекетіне жауап беруі керек", - дейді ол.

Ал мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова әріптестерінің әрекетіне қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

"Видеода әріптесіміз Берік (Дүйсембинов - автор) эмоционалды түрде сөйлеп жатыр. Оның жанындағы адамның ұйықтап жатпағаны ықтимал", - деді депутат.


Сондай-ақ, тағы бір мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан видеоны көргенін, бірақ мәселінің мән-жайын білмейтін айтты.

"Онда адам ұйықтап отырған сияқты. Бірақ анығын білмедім. Біреудің артынан сын айта алмаймын", - деп жауабын қысқа қайырды.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әлеуметтік желідегі қызу талқыланған видеоны көрмепті.

"Видеоны көрген жоқпын. Қазір Арыс қаласына жұмыс сапарымен келдім. Онда "Ақ жол" партиясының төрағасын сайлағалы жатырмыз. Сондықтан бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын", - деп ол жауабын қысқа қайырды.


Сонымен қатар, депутаттарға "маңызды жиналыстарда басшылар мен депутаттар ұйықтап кетуі мүмкін бе?" деген сауал қойдық.

9 жыл сенатор қызметін атқарып жүрген Мұрат Бақтиярұлы әріптестерінің тәтті ұйқыға берілгенін көрмепті.

"Бұл мәселеге қатысты жеке пікірімді білдіремін. Әрине, жиналыс көп, заң жобаларын жиі талқылаймыз. Мәжіліске жауап бере алмаймын. Ал сенаттағы әріптестерімнің арасында ұйықтап кететін, қалғып отыратындарды көрген жоқпын. Менің бұл қызметте жүргеніме 9 жыл болды", - деді ол.

Бақытгүл Хаменова бұл мәселені адами факторға теңеді.

"Бұл адами фактор. Мұндай жағдай кез келген адамның басында болуы ықтимал", - деді депутат. Ал Азат Перуашев бұл сұраққа қысқа жауап берді: "Бұл тек адамның өзіне байланысты".

https://www.instagram.com/p/B7-FA8Pnfft/

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x