160 мың теңге алу үшін 15 баланы дүниеге әкелуің керек

Dalanews 31 қаң. 2020 03:19 253

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі көпбалалы отбасылырадың, соның ішінде бала саны жетіден асатын отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсетін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Биылдан бастап еліміздегі көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданған болатын. Жәрдемақы бала санына қарай беріледі, әр балаға шамамен он мың теңге. 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.


Осыдан кейін сегіз-он бала тәрбиелеп отырған аналар тарапынан үкімет неге жеті баламен шектелді деген уәж айтқан-ды.

– Өткен айда бұл мәселені қарадық, депутаттармен талқыладық. Қазір депуттардың тарапынан сол қабылданған заңға өзгерістер ұсынылып отыр. Біз осы бастаманы толықтай қолдадық. Тиісті өзгерістер үкіметтен шығып, парламент қарауына жіберіледі. Осы орайда жобалап айтайын, егер 7 балаға 74 мың теңге болса, енді 8 балаға – 85 мың теңге, 9 балаға – 96 мың теңге, 15 балаға 160 мың теңгедей белгіленеді. Оған тиісті қаражатты қарастырдық, –  деді Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.

Мәселен, министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 15 баласы бар бір отбасы тұрады екен.


Ол отбасында он бес бала болса, әрине, 74 мың теңге аз екенін алға тартты. Бұған дейін министр 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлеу мәселесі әзірге шешімін таппағанын айтқан еді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x