Сауд Арабиясында музыка тыңдауға рұқсат берді

Dalanews 30 қаң. 2020 09:35 298

Сауд Арабиясында қолға алынған әлеуметтік реформаиа мәдениет саласын да пайдасын тигізуде. Қазір ел астанасы Эр-Рияд қаласының көшелерінен жұрт әуезді әуендер жиі ести бастады, – деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Сонымен қатар елдегі базарларда музыкалық аспаптарды сату да өскен. Қазір Эр-Рияд базарларында музыкалық аспап саудалайтын оншақты дүкен жұмыс істеп тұр.

Музыкалық аспапта ойнаған ел азаматтары енді «жазаға» тартылайды. Қоғамдағы өзгерістерге корольдіктің тақ мұрагері қолға алған реформалар себепші болғаны белгілі.


Тақ мұрагері жүзеге асырып жатқан «2030 стратегиясына» сай мемлекет ашық болуға тиіс. Мысалы, соңғы жылдары Сауд Арабиясында әйелдердің көлікті айдауына рұқсат берілгені белгілі. – Бұрындары халық алдында осылай өнер көрсетеміз деп ойламаппыз. Мен музыкалық аспапты ата-анам мен ақсақалдарға көрсетпейтінмін. Өйткені музыка ұят дүние болып саналды. Бірақ қазір салт-дәстүр өзгере бастады. Енді адамдардың алдында ән айтып, би билеудің еш әбестігі жоқ, қайта өнерімді жұрт жақсы бағалап жатыр, – деп саудиялық музыкат ойын ортаға салды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x