Қытай билігі Қазақстанға азаматтарын эвакуациялауға рұқсат бермеуде

Dalanews 28 қаң. 2020 08:25 292


Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) коронавирустың ошағы Қытайдың Ухань қаласынан азаматтарын алып кету мәселесін қарастырып жатыр. Бірақ қытай билігі рұқсат етпей жатыр деп мәлімдеді СІМ өкілі Айбек Смадияров.











"Қытайдағы дипломаттарымыз қазақстандықтарды эвакуациялау жолын қарастырып жатыр. Карантин жарияланған алғашқы күні ресми хат жолдадық. Қытай билігі әлі бірде-бір мемлекетке рұқсат бермеді", – деді Смадияров. Оның сөзінше, "қытай билігі Ухань қаласын жауып тастаған, ешкімді шығармайды".

Уханьда 230 қазақ студенті бар. Енді студенттердің қашан оралатыны белгісіз.


Жапония мен АҚШ билігі азаматтарын эвакуациялау жөнінде мәлімдеме жасады.

Уханьда Қырғызстанның 15 азаматы бар. Олардың 14-і студент. Бұл қалада Тәжікстаннан да ондаған студент оқиды. Бірнеше өзбекстандық отанына оралып үлгерді.

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайдағы студенттерге тек СІМ арқылы ғана көмектесе аламыз деген.


Соңғы мәлімет бойынша, 2019-nCoV коронавирусымен ауырғандар саны 2,8 мың адамға жеткен. 81 адам көз жұмған. Аустралия, Вьетнам, Малайзия, Непал, Корея, Сингапур, АҚШ, Таиланд, Франция және Жапонияда вирусты жұқтырғандар анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралуын ұлттық төтенше жағдай деп мойындады, халықаралық деп әзірге жариялай қоймады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x