Олихархтың сарайлары сатуға шығарылды

Dalanews 24 қаң. 2020 03:36 153

Сотталған олихарх Тоқтар Төлешовтен қалған дүниенің бір парасы сатуға қойылды. Gosreestr.kz сайтында оның қандай дүниелері сатуға шығарғаны жария болды, - деп хабарлайды nege.kz сайты.

Сатуға төрт нысан қойылыпты. Оның ішінде 5 гектардан аса жерімен "Фосфорник" мәдениет үйі, 335 және 59,9 шаршы метр болатын екі үй бар. Сондай-ақ, көлемі 1307,3 шаршы метр болатын тағы бір нысан көрсетілген.


Аукцион ағылшын тәсілімен жүреді. Сатылым 6 ақпан күні сағат он бірде басталады.

Естеріңізге салайық, ел арасында "сыра королі" деген атқа ие Тоқтар Төлешов «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қинады, адам өлтірді» деген айыппен 21 жылға сотталған.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x