Студент оқу орынның алтыншы қабатынан құлап кетті (видео)

Dalanews 24 қаң. 2020 03:14 271

Бейне таспада Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің басты корпусының алтыншы қабатында студенттердің келесі бір жас жігітті (курстастары болуы ықтимал) қолынан ұстап салбыратып тұрғанын байқауға болады. Артынша жігіт құлап кетеді. Мұны  «Көкшетау Азия» сайтында жарияланған видео таспадан анық байқауға болады.

Оқиға 23 қаңтарда күндізгі уақытта болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ақ жейде киген жігітті басқа студенттер ұстап қалып, аудиторияға кіргізбек болады. Алайда ол қарсыласып, ақыры секіріп кетеді.


Оқиға орнына келген полицейлер секіріп кеткен 2001 жылғы студент екенін анықтаған. Ол Ақмола облыстық жан сақтау бөліміне жеткізілді. Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дмитрий Чайковтың айтуынша, алтыншы қабаттан секіріп кеткен студенттің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=cvWXmE-Isew&feature=emb_logo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x