Украина орыс тіліндегі жарнамаға тыйым салды

Dalanews 17 қаң. 2020 10:11 151

Жергілікті өзін-өзі басқару, білім, медицина мекемелері, қызмет көрсету орындарында украин тілін пайдалану міндетті саналды.




Украинада орыс тіліндегі жарнамаға тыйым салатын құқықтық норма күшіне енді. Заң елдегі жарнамаларды мемлекеттік тілде жазуды міндеттейді. Бұл құжат 2030 жылға дейін жұмыс істейді, деп жазады nege.kz.

Бұдан бұрын Еуропа кеңесінің Венеция комитеті тіл мәселесінде этникааралық қақтығыстан сақтану үшін қайта қарастыру керектігін айтқан.

Айта кету керек, 2019 жылдың 16 шілдесінде Украинаның сол кездегі президенті Петр Порошенко "Украин тілінің мемлекетттік тіл ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енген еді.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару, білім, медицина мекемелері, қызмет көрсету орындарында украин тілін пайдалану міндетті саналды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x