Алдағы жылдан бастап елордадағы энергетиктердің айлығы көтеріледі

Dalanews 20 желт. 2019 14:55 259

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Астана – аймақтық электр желілік компаниясы» АҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесі – энергетика күнімен және компанияның 40 жылдық мерейтойымен құттықтады.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап елордалық энергетиктердің еңбекақысы 20%-дан астамға көтеріледі.

– Сіздер үйлер мен қаланың барлық нысандарын жылумен қамтамасыз етесіз. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні, әсіресе қыс уақытында адал еңбек атқарып келесіздер. Қысқы кезеңде жұмыс жүктемесі екі есе артады. Жұмысыңызды жоғары бағалаймыз. Адал әрі қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Мерейлі мерекеңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін.


Жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына  сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді. Қазір жас мамандар үйге қоныстанып жатыр. Сондай-ақ, басқа да бірқатар тұрғын үй бағдарламалары бар, келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін үш есе ұлғайтамыз, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, Алтай Көлгіновтың тапсырмасы бойынша 2020 жылдың басынан бастап елорданың коммуналдық қызметшілерінің жалақысы артады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x