Тоқаев: "Көзбояушылықты қою керек"

Dalanews 14 қар. 2019 11:45 242

Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке қырып тастадық деген көрсеткіштер емес, тиімді іс-қимыл қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 
- Біз бос іспен, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарламаны дайындау кезінде алдыңғы бағдарламалардың барлық қателіктері ескерілуі керек. Қырып тастадық деген көзбояушылықтың керегі жоқ, объективті талдау, тиімді іс-қимыл қажет, - деп атап өтті Президент Твиттерде.


- Үкіметтің, Парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті - бар күш-жігерін ұзақ мерзімді Елбасы Стратегиясын, Ұлт жоспары мен бес институционалдық реформаны толық іске асыруға бағыттау. Тек осы жолмен біз қиындықтар мен қауіп-қатерді жеңе аламыз, - деді ол.

14 қарашада Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Көкшетауға барды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x