ШҚО. Жемқорлыққа қарсы күрес қарқынды жүруде

Dalanews 23 қаз. 2019 12:01 194

Аймақтық коммуникациялар қызметінде ШҚО бойынша жемқорлықпен күрес департаменті басшысының орынбасары Әділхан Сабуровтың қатысуымен пресс-конференция өтті. Онда 2018-2019 жылы облыс көлемінде жемқорлықпен күреске қатысты жүргізілген шаруалар жөнінде кеңінен айтылды.

Әділхан Сабуровтың айтуынша, жемқорлық Қазақстандағы ең актуалды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алу, әшкерелеу, осы салаға қатысты қылмыстық істерді тергеу амалдарын жүргізеді.

2018-2019 жылдары департамент мамандары 35 қылмыстық істі ашқан. Оның 28-і сотта қаралды. Ал қалған жетеуін жасаған айыптылар қылмыстарын өз еріктерімен мойындады.


Брифинг барысында Әділхан Сабуров «Дарын» ҒЗМ директоры А.К.Ғафуровқа қатысты қылмыстық істі мысал ретінде атап өтті. Айтуынша, А.К.Ғафуров 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен шеттетілген.

– Мұндай қылмыстық істердің дені мемлекеттік қызмет түрлерін кезек күтпей алғысы келгендіктен туындайды. Біз қоғам болып жемқорлықпен күресуіміз керек, – деді Әділхан Сабуров.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x