Нұр-Сұлтанда Еуразия елдерінің форумы басталды

Dalanews 24 қыр. 2019 16:01 202

Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өз жұмысын бастады.

Осынау форумға Азия мен Еуропаның 84 мемлекетінен парламент басшылары, 14 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың жетекшілері ат шалдырып келді.

Бұл жолғы жиынның ерекшелігі – форум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.


Қазақстанның басты ұстанымы – Еуразия елдері арасында болатын қарама-қайшылықтарға, сонымен қатар жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы бірлесе әрекет ету.

Кездесуге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Назарбаев еліміз осы уақыт ішінде дамыған 50 елдің қатарына қосылып, жалпы ішкі өнім 18 есе өскенін және республика экономикасының көлемі Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінен 2 есе асып түскенін атап өтті.

Сонымен қатар заң шығарушы органдардың өзара ынтымақтастығын тілге тиек етті.

- Осы кеңестің табысты жұмыс істеуіне баршамыз мүдделіміз. Келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Біз заң шығару органының қызметіне ерекше мән береміз. Қазақстан депутаттары шетелдік әріптестерімен кең көлемді байланыс орнатып, мемлекетаралық достықты нығайта түсті. Елдеріміздің жоғарғы органдарының депуттары Еуразияда ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтеді деп сенемін, – деді Елбасы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x