Қытай елшісі: "Олардың бұл әрекетінен түк шықпайды"

Dalanews 05 қыр. 2019 07:32 262

Қазақстанда қытай кәсіпорындарын салуға қарсы өтіп жатқан митингтерге қатысты Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қытай дипломаты наразылық білдірушілер текке үрейленіп, босқа күдіктенеді деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, екі мемлекет басшыларының кездесуі қарсаңында болған бұл наразылықтар осы маңызды оқиғаға бағытталған арандатушылық іспетті.
- Наразылық білдірушілердің артында Қытайға және біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың дамуына селкеу түсіруді мақсат ететін қандай да бір күштер тұр деп болжанады. Солар араға от салу үшін жергілікті халықтың көңіл-күйін бұзып, наразылыққа итермелеуде деп топшылаймыз. Бары осы, басқа түк емес. Мен айтар едім, олардың бұл әрекетінен түк шықпайды, өйткені ол геосаяси теріс пиғылды мүдделерден туындауда, - деді Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x