Назарбаев: "Шымкентте партияның туын жұлып тастады. Қайда қарадыңдар?"

Dalanews 21 там. 2019 07:34 204

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерін "үн-түнсіз отырғаны" үшін сынға алды. 

Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында белсенді азаматтарды жұмысқа тарту мәселесін көтерді. Оның айтуынша, партияға өте белсенді азаматтар, қарапайым халықпен жұмыс істейтін адамдар керек. Осы орайда Назарбаев Шымкентте болған оқиғаны еске алды.

"Шымкентте партияның туын жұлып тастады. Бұл оқиға орталық кеңсенің алдында болды. Біреуі де ләм-мим деген жоқ.


Партия қайда қарады? Артынан бәрін орнына келтіруге тура келді. Міне, бәрі осындайда байқалады.


Партия, "Nur Otan" дейміз. Бірақ тып-тыныш отырамыз. Бір нәрседен қорқамыз ба?", - деді Назарбаев.


Айта кетейік, биыл маусым айында Шымкентте Арыс тұрғындары митинг жасап, қала көшелерімен жүріп өтті. Содан кейін Nur Otan партиясының кеңсесіне барып, билік өкілдерімен кездесуді талап етті. Сол кезде бір жас жігіт тұғырға мініп, партияның туын жұлып тастамақ болды.

sourcesputniknews.kz

 

https://dalanews.kz/45942

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x