Тоқаевтан сөз естіген «ҚазАгро» басшылығы шетелдік мамандарды көмекке шақырмақ

Dalanews 12 там. 2019 06:08 225

«ҚазАгро» холдингі реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАгро» холдингінің жұмысын сынға алған. Президент сөзінен кейін компания басшылығы холдингіні реформалауды қолға алыпты. 

Мұның негізінде: 

- ҚазАгроның еншілес компанияларының санын қысқарту, олардың арасында функциялардың қайталануын болдырмау арқылы ықшам Холдингке айналдыру;

- Холдингтің басқару органдарына шетелдік сарапшыларды тарту;


- штатты оңтайландыру және Холдингтің операциялық шығыстарын қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несие беру процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытын қысқарту жұмыстары жүргізілмек екен.

Бұдан бөлек несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрған жобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды.

"Реформалар нәтижесінде Холдинг қысқа мерзімде ықшам және тиімді қаржы институтына айналады. ҚазАгро өз қызметінің нәтижелілігін арттыруды және 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды көздеп отыр" – деп сендіреді компания басшылығы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x