«Қазақстан – ұлы дала елі» қосымшасы Қазақстанда әлемге танытады!

Dalanews 29 сәу. 2019 15:26 200

Көпшілік қауым назарына «Қазақстан Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынылды.

Бұл – қосымшаны география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы десек болады.

Қосымшадан жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады. Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

Қазақстанды әлемге паш етейік!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: bit.ly

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x