Жаңа премьердің есімі белгілі болды

Dalanews 25 ақп. 2019 07:39 259

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты.  Жиында Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бірауыздан мақұлдады. Назарбаев жарлыққа қол қойды.  

Асқар Ұзақбайұлы Мамин (23 қазан, 1965, Астана) Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген.

Картинки по запросу мамин

Инженер-құрылысшы, экономист. Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінің құрастырушысы болып бастады. Кейіннен кәсіпкерлікпен шұғылданды.

Ақмола арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Индустрия және сауда бірінші вице-министрі 2005 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалған.

2006 ж. қыркүйек айынан Астана қаласының әкімі. 2008 ж. сәуір айынан „Қазақстан темір жолы“ ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті болып тағайындалды. 2016 ж. қыркүйек айынан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұдан бұрын Назарбаев экс-премьер Сағынтаевтың жұмысын сынға алып, Үкіметтің өзі күткен үдеден шыға алмағанын айтқан болатын. 


"Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істемеді, халықтың сөзімен санаспады, мәселесіне құлақ түрмеді. 

Осы жағдайда мен халық мүддесін ескере отырып келесідей шешім қабылдадым:

Үкімет отставкаға кетуі тиіс деп есептеймін. Жаңа үкімет халықтың тұрмыс-жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылдауы керек. Экономиканы тірілту қажет", – деген-тұғын Назарбаев. 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x