Қызылорда облысында қос автобус соқтығысты: қаза болғандар бар (видео)

Dalanews 17 қар. 2018 03:05 244

Қызылорда облысында жолаушылар таситын қос автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты. 

Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша оқиға 16 қарашада Қармақшы ауданы Ақжар ауылына жақын жерде орын алған. Қызылорда –Төретам және Қызылорда – Қазалы бағытында қатынап келе жатқан қос автобус бетпе-бет соқтығысқан. Біреуінде – 32 жолаушы болса, енді бірінде – 37-і адам болған.

«Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, жарақат алған 14 адам (оның ішінде екі бала бар) Қармақшы аудандық ауруханасында жеткізілді» – дейді Төтенше жағдай комитетінің өкілдері.

Ал әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарауда. 

https://youtu.be/IdGblbs2vVo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x