Қазақстанды әлеуметтік ел деп айтуға бола ма?

Dalanews 12 қар. 2018 05:58 232

Әлеуметтік саясат қалай жүргізілуі тиіс? Одақ аясында ортақ әлеуметтік саясат құру қаншалықты мүмкін?

«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында «Еуразия кеңістігіндегі әлеуметтік саясат: күн тәртібіндегі мәселелер, реформалар және әріптестік» мәселерін талқылаған сарапшылар осы тараптағы ойларын ортаға салды.

Саясаттанушы Замир Каражановтың айтуынша, әлеуметтік саясатты әр мемлекет өз бетінше жүргізгені жөн.

«Елдегі кедейшілік мен жұмыссыздық деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым сол мемлекеттің әлеуметтік саясатты дұрыс жүргізуде деп айтуға олады. Егер ел азаматтарының жалақысы жоғары болса, олар мемлекеттің көмегіне де мұхтаж болмайды. Ал жоғары жалақы көп жағдайда дұрыс жүргізілген экономикалық саясаттың жемісі, – дейді ол.

Ал журналист Сергей Козловтың пікірінше,  Еуразиялық одақ аясындағы елдер әлі күнге дейін кеңестік әлеуметтік жүйенің тұтқынынан шыға алмай келеді.


«Бұл сол кездегі идеологияның өзегі еді. Әлеуметтік саясатты нарыққа, қазіргі тұрмысқа қарай бейімдейтін кез жетті. Капитализмнен қаша алмаймыз.

Халықтың өзінің әлеуметтік құқықтарын қорғап үйрету қажет. Халық мұны білмейді. Білмегендіктен, күреспейді», – дейді ол.

Өз кезегіндегі Қазақстанда шекаралық әріптестік қауымдастығының өкілі Марат Шибұтов әлеуметтік саясат адам құқығының қорғалуымен тығыз байланысты екенін айтты.

Сіздің құқыңыз қаншалықты қорғалады мысалға? Балалардың, әйелдердің, зейнеткерлердің, мүгедектердің, емделушілердің, білім алушылардың құқы қаншалықты қорғалып жатыр? Мәселе осыда. Бұл саланы кешенді түрде қарастыру керек. Мықты математиктерді, білім жастарды, таланттыларды, дарындыларды, табыс таба алатын адамдарды қаншалықты қорғай алады Үкімет, олар бұл елде өзін жайлы сезіне ме? Өз мүмкіндігін толық паш ете ала ма, жоқ па? Әлеуметтік саясат дегеніміз осы» дейді ол.

Жиынды түйіндеген саясаттанушы Андрей Чеботаревтың айтуынша,  Еуразиялық одақ кеңістігіндегі ортақ әлеуметтік саясат жүргізу мүмкін емес. «Әлеуметтік сала тұрмақ, экономикалық әріптестіктің өзі ақсап тұрған жоқ па?  Еуразиялық одақтың құрылғанына үш жыл болды, бірақ, ортақ экономикалық нарық әлі күнге толық құрылған жоқ.


Одақ келісімшарты аясында қабылданған еркін тауар алмасу, капитал алмасу ісі 100 пайызға жұмыс істемейді. Мемлекеттік деңгейде бұған кедергі келтіретін көптеген факторлар бар. Ал мұндай жағдайда ортақ әлеуметтік саясат құру туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз» дейді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x