«Теміржол вокзалы аллеясының» ашылурәсімі өтті

Dalanews 29 қаз. 2018 11:48 210

Тараз  қаласы күні мерекесіне орай «Теміржол вокзалы аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аллеяда сан алуан заманды басынан кешкен Тараз шаһарының тарихынан сыр шертетін стела орнатылған. Онда «тәңір» деген сөз жазылған. Өңірімізден ғұламалардың да шыққанын көрсететін қауырсын, Жамбыл бабамыздың домбырасы, Ықылас күйшінің қобызы  бейнеленген.

Аталмыш нысанды салтанатты түрде ашу мәртебесі Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сембек Әбетайұлы Сейдазимов және темір жол саласының ардагері, Тараз қаласының құрметті азаматы Сағымбек Ақшаловқа берілді.

Шараның құрметті қонақтары стеланың салтанатты лентасын қиғаннан соң арнайы сөз алды. Өз сөздерінде С. Сейдазимов пен С. Ақшалов көне шаһарға темір жол желісімен келген қонақтар үшін оның келбетін көрсететін осы вокзал маңы екенін айтып, ашылып отырған нысан қонақтарға Тараздың тарихи қала екенін айшықтап көрсететінін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ескерткіштен бөлек бүгін қала көлемінде Жамбыл ақынның ескерткіші, облыс әкімдігінің ғимараты маңында және орталық «Достық» алаңында түрлі-түсті сазды әуен ырғағымен ойнайтын төрт субұрқақ пайдалануға берілді.

Жеңіс саябағында орналасқан «Тыл еңбеккерлеріне», «Ауған соғысының ардагерлеріне», «Чернобль апатына қатысушыларға» арналған ескерткіштер ашылады.

Сондай-ақ бүгін қаламызда «Желтоқсан толқыны» атауымен еліміздегі ең ұзын әрі мағынасы зор субұрқақ, толық қайта жаңғыртудан өткен Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябағында  Халық қаһарманының  ескерткіші, Желтоқсан оқиғасына  қатысушыларға арналған «Тәуелсіздік ұшқыны аллеясы», «Ғибрат»  орталығы ашылмақ.

Сонымен қатар, тараздықтар «Үшбұлақ»  жағалауындағы демалыс аумағының ашылуын тамашалайды.

 

 

08 ИНФО

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x