Зейнетақы қорындағы 300 млрд. теңге банктерге таратылып беріледі

Dalanews 12 қаз. 2018 05:11 256

Мемлекет басшысы екінші деңгейлі банктерге 600 млрд. теңге бөлуді тапсырған-тұғын.


Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің екінші деңгейлі банктерге арналған ақшаны қайдан аларын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.


– Мен білсем Ұлттық банк қажетті қаражаттың тең жартысын Зейнетақы қорынан алмақ, өзгесін өз қалтасынан шығарады. Бұл ақша екінші деңгейлі банктерге қайтарымды негізде нарықтық мөлшерлемемен беріледі. 


Смайыловтың айтуынша банктерге бөлінген ақша экономикадағы електен өткен жобалар мен басым бағыттарды қаржыландыруға жұмсалатын болады. 


– Біздің мақсат осы ақшаның діттеген жеріне жетіп, тиісті деңгейде игерілуін бақылау, – дейді ол. 


Смайыловтың сөзінше Зейнетақы қорындағы қыруар қаражат текке жатпай қордың активтері өсе түсу үшін айналымда жүруі тиіс.  
Бұл үшін мұншама ақшаны бір жерге инвестициялау керек.


– Қордың ақшасын нарықтың мөлшерлемемен өз экономикамызға бағыттағалы отырмыз. Бұл қалыпты құбылыс. Әлемнің барлық елінде бар тәжірибе - Зейнетақы қорындағы ақша қайтарымды негізде экономикаға инвестицияланып,  соның есебінен қордың активі ұлғаяды, елдің де әл-ауқаты артады, – дейді ол. 


Оның айтуынша алдағы уақытта Ұлттық банк  қай банкке, қанша көлемде, қандай талаптар негізінде қарыз беретінін анықтауы тиіс.


Фото: КазТАГ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x