Төрешілер шешіміне назаланған Головкин рингтен кетіп қалды (видео)

Dalanews 16 қыр. 2018 05:29 226

Сонымен көпшілік көптен күткен Головкин мен Альварестің арасындағы кездесу аяқталып, тартысты бәсекеде мексикалық боксшы қарсыласынан басым түсті деп хабарлайды Dalanews.kz.

Екінші кездесу Лас — Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. Былтырғы жылғы кездесуде екі боксшы бір-бірін ала амай, тең тарқасқан еді.
Ал бұл жолғы кездесуде әділ қазылар шешімімен Сауль Альварес жеңіске жетті: 115-113, 115-113, 114-114.

Әдетте мұндайдан кейін боксшылар шаршы алаңда қалып кездесуге қатысты ойларын ортаға салатын. Алайда, жерлесіміз кездесуден кейін сұхбат бергісі келмей рингтен кетіп қалды. Осы арқылы Гена төрешілер шешімінің әділ болмағанына наразылығын білдірсе керек. 

https://www.youtube.com/watch?v=-Uvc5eEb4wY&feature=youtu.be

https://dalanews.kz/38259

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x