Мақтаралда жаңадан спорт алаңы ашылды

Dalanews 27 мау. 2018 04:33 268

Мақтарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жеңіс елді мекенінде Сейдақов Есенгелді Мұстапаұлы атындағы спорт алаңының ашылу салтанаты болып өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламаы аясында ашылған нысанды ауыл тұрғындарына Сейдақовтар әулеті тарту етіп отыр.

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы П.Есенбеков спорт алаңына есімі берілген Есенгелді Мұстапаұлы туралы өз естеліктерімен бөлісті.

"Есекең осы ауылдың көркеюіне бар күшін жігерін арнаған атпал азамат еді. Тоқырау жылдары жарық, жылу, сусыз қалған кездерде ауыл азаматтарының басын қосып, көптеген игі бастамалардың ұйытқысы бола білген. Міне, әкенің ізін жалғап балалары аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылды көріктендіруге үлесін қосуда" – деді П.Есенбеков.

Сөз кезегін алған Жаңажол ауылдық округінің әкімі Мұқан Байымбетов Сейдақовтар әулетіне әкімшілік тарапынан ризашылығын айтып, Елбасымыздың "Туған жер" бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің демеушлігімен округте көптеген нысандар ашылғандығын атап өтті. Сондай-ақ, нысанның ашылуна орай футболдан өткен жарыстың жеңімпаздарын марапаттады.



Айта кетейік, спорт алаңына есімі берілген Сейдақов Есенгелді Мұстапаұлы 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1953 жылы осы аудандағы Қ.Қайсенов мектебінің 1-сыныбына барып, 1963 жылы қазіргі Ж.Нұрлыбаев ауылында Ы.Алтынсарин мектебін тәмамдады.

Алматының зооветеринарлық институтын бітіріп, 1973 жылы Мақтаарал ауданының Мақтаарал савхозына мал дәрігері болып еңбек жолын бастайды. 1986 жылдан бастап 19 жыл бойы қаракөл қойын өсіруден үздік болған Жеңіс савхозында бас мал дәрігері болып қызмет етеді. Ол өзінің жұмыс ортасында ерекше ұстанымы мен талабы бар білікті маман бола білген. Мәселен, Есенгелді Мұстапаұлының тұсында Жеңіс савхозындағы қаракөл қой шаруашылығы - еліміздің қой шаруашылығында алтынға пара пар болған елтіріні өндіруде алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың қатарында болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x