«Бір өлең, бір әуен» ән-жыр кеші

Dalanews 15 мау. 2018 02:42 303

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ақындар мен өнер жұлдыздары қатысатын
«Бір өлең, бір әуен» атты ән-жыр кеші болады.

Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік кеште астаналық көрнекті ақындар: Несіпбек Айтұлы, Серік Тұрғынбек, Оңайгүл Тұржанова, Дүкен Мәсімхан, Бақытбек Смағұл, Маржан Ершу, Дәулеткерей Кәпұлы, Талант Арынғали, Бауыржан Қарағазы сынды ақындар жырдан шашау шашса, танымал өнер жұлдыздары Бағдат Сәмединова, Сүлеймен Ибрагимов, Тамара Асар, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Құрмаш Махан, «Астана» тобы өз өнерлерін ортаға салмақ.

Қазақстанның тәуелсіздік тарихында үлкен орны бар айрықша шара - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында еліміздің ақындары мен өнер жұлдыздары қатысатын «Бір өлең, бір әуен» атты ән-жыр кешінің мақсаты - «Рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласының негізгі идеясының өзекті сәттерін қамту, сондай-ақ  ұлттық дәстүрді, тілді және әдебиетті, ұлттық рухты сақтап қалу үшін болашақ ұрпақты мәдени аштыққа тартатын, туған жерге, халыққа  деген махаббатын арттыру,  қазақ поэзиясын насихаттау, қазақ ақындарының мәртебесін Республикаға таныту.



Жобаның  форматы - әдеби орта мойындаған Астаналық талантты ақындардардың ең мықты деген бір өлеңі оқылып, оның басқа өлеңіне жазылған әнді белгілі бір әнші немесе бір топ орындайды. «Бір өлең, бір әуен» атынан көрініп тұрғанындай, астаналық ел-жұртқа өлең тыңдатады. Корнцерттік бағдарлама барысында экранда әсем Астананың бейне-суреттері, түрлі-түсті көріністері мен көз тартар көркем бейнесі көрсетіледі.

 

Елорданың мерекелік кешінде еліміздің көрнекті ақындары жырдан шашу шашып, танымал эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салмақ.

 

Өтетін орны: Астана қаласы,

Бейбітшілік және келісім сарайы

 

Песенно-поэтический вечер «Бір өлең, бір әуен»

 

В рамках празднования 20-летия Астаны при поддержке Министерство Культуры и спорта РК планируется проведение республиканского песенно-поэтического вечера «Бір өлең, бір әуен»с участием известных акынов и звезд казахстанской эстрады.

Цель проекта-реализация идей Главы государства, изложенных в его программной статье «Рухани жаңғыру»,  сохранение и возрождение национальных ценностей, культуры, государственного языка,казахской литературы, воспитание молодого поколения в духе казахстанского патриотизма, популяризация казахской поэзии, пропаганда творчества лучших акынов Казахстана.

По условиям проекта для участия в вечере будут отобраны талантливые поэты, признанные в литературных кругах Астаны, которые исполнят по одному лучшему своему произведению. Песни, написанные на другие стихи участников проекта, исполнят известные певцы и вокальные группы. Как видно из названия проекта, благодаря проекту жители столицы услышат самые яркие произведения талантливых авторов. В ходе концертной программы на экране будут  транслироваться ролики с самыми яркими видами столицы.

Таким образом, свои лучшие поэтические произведения и вокальные номера подарят известные поэты, исполнители и музыканты.

 

Место проведения:

Дворец мира и согласия.

Время проведения :

16 июня, 19:00.

 



 

Өтетін күні: 16 маусым

 

Уақыты: 19.00

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x