Біртанов: Менингококк? Карантин жариялаудың қажеті жоқ

Dalanews 04 мау. 2018 06:31 239

Қазақстанда менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Біз менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деді Біртанов.

Сондай-ақ, министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің балаларын менингококк инфекциясынан вакцинацияламағанын айтып өтті.
Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.

Бұған қоса Біртанов менингиттен вакцинациялауға қатысты пікір білдірді. 

 "Нормативтік-құқықтық базамызға сәйкес, вакцинация бойынша шешімді жұқпалы арулар бойынша ұлттық координациялық консультативтік комитеті шығарады. Отырыс өткен аптада өткен, оған инфекционистер мен эпидемиологтар енді.
Олар вакцинация енгізу мәселесін қазір ерте және менингит бойынша вакцинация жүргізуді ұлттық күнтізбеге енгізуге қажеттілігі жоқ деген шешім шығарды.

Бұл тиімсіз әрі шығыны көп шара болар еді", - деп мәлімдеді министр. "Ауру жұқтырғандардың саны орташа-бақылаудағы деңгейде", - деді Елжан Біртанов.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x