Гендерлік саясат – бизнестегі теңдік

Dalanews 18 мам. 2018 09:17 239

Жақында Астана экономикалық форумы аясында «Бизнес теңдігі: тұрақты экономикалық даму корпоративтік секторы» атты Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының панельдік сессиясы өтті.



Бүгінде Қазақстанда әйелдер экономикалық өмірдің барлық салаларына белсене қатысып, еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқаны белгілі. Экономиканың тұрақты дамуы, әйелдер, ерлер, отбасылар мен жалпы қоғам өмірінің сапасын арттыру үшін маңызды болып табылады. Бұл тұрғыда жеке секторда әйел азаматшалардың рөлі артып келеді.

Корпоративтік гендерлік теңдік саясатын енгізу, гендерлік-сезімтал бастамаларын әзірлеу мен енгізу бизнес өнімділігін, бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыра түсетінін әлемдік тәжірибеден анық аңғаруға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің елімізге де таңсық емес.

2018 жылғы Global Challenges Summit аясында «БҰҰ-Әйелдер» пікірталас сессиясы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту әрі олардың ел экономикасына қатысудың маңызы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, гендерлік теңдікті алға жылжыту мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін негізгі стратегияларды және іс-әрекеттерді анықтау мәселесі де кеңінен сөз болды.  Бүгінде әйелдердің табысты бизнес-бастамаларды ұсыну үшін бизнестің, үкіметтік өкілдердің, халықаралық ұйымдар мен академияның жоғары деңгейдегі өкілдерінің диалогының қалыптасуы маңызды.

Өз тілшімізден

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x