Қазақ жеріне таза ауызсудың қоры жинақталған

Dalanews 25 мам. 2018 06:25 184

Таяуда «Астана» медицина университетінде қоғамдық денсаулықты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында «жеңіл» ауызсуды тұтыну мәдениеті туралы қоғамды оқытуға арналған ақпараттық-білім беру жобасының іске асырылуына арналған баспасөз-конференциясы өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты – қазақстандықтарға жеңіл суды максималды түрде қолжетімді ету және халық денсаулығы үшін оны пайдаланудың маңыздылығы бойынша білім беру шараларын өткізуді көздейді.

Қазақстанда қайталанбас табиғи минералды суының жерасты кен орны бар. Ол 2011 жылы «Бұқпа» учаскесінде «Құскөл» жерасты су кен орнынан табылды. Бұл жерлер қазіргі Бурабай курорты және Көкшетау қаласы бар Көкшетау қыратында орналасқан және сонау Кеңес одағының гидрогеологтарымен өткен ғасырдың 80-жылдарында ашылды.

Мұз дәуірі кезінде, 15 мың жыл бұрын пайда болған көне мұздық арқылы көтерілетін TURAN ЖЕҢІЛ суы табиғи минералдарды өз бойына сіңіріп үлгереді.

Қазақстандағы табиғи судағы дейтерийдің мөлшері 133 мг/л белгіленген нормалардан төмен. Салыстыру үшін, Антарктика мұздығындағы су әлемдегі ең жеңіл су құрамында 89 мг/л дейтерий болса, әлемдегі ең танымал табиғи ауызсудың брендтері құрамында 144-148 мг/л дейтерийге тең келеді. Осыдан-ақ Қазақстандағы ауызсудың қаншалықты сапалы екенін аңғаруға болады.

Жоғары сапалы сумен қамтамасыз ету – әрбір адамның денсаулығы үшін маңызды мәселе. Судың адам ағзасында атқаратын кем дегенде 25 маңызды функциясы бар. Ол дененің әр жасушасындағы электр және магнитті энергияны генерациялайды, бүкіл жасушалық құрылымды байланыстырады, ДНҚ-ны зақымданудан қорғайды және қалпына келтіру механизмінің тиімділігін арттырады, азық-түлікті энергиямен қамтамасыз етеді, содан кейін азық-түлік бөліктері осы энергияны асқорыту үрдісінде мүшеге жібере алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x