Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін ұзартты

Dalanews 18 мам. 2018 11:55 191

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 20 мамырда 63 жасқа толады. 

Нұрсұлтан Назарбаев 20 мамырда зейнет жасына толатын Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін 2021 жылға дейін ұзартты. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", — деп жазылған Ақорданың сайтында.

Қырымбек Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, саясат ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты Қызылорда облысының әкімі болып 2013 жылы тағайындалды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x