Өзбектің бас прокуроры жемқорлығы үшін халықтан кешірім сұрайды

Dalanews 22 мам. 2018 10:47 220

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рәшид Қадыров Ташкенттегі қатаң режимдегі ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл ақпаратты ІІМ-нің бір офицері Қадыров отбасына айтқан.



Өзбекстан ішкі істер министрлігінің офицері берген мәлімет бойынша, Рәшид Қадыров қан қысымының көтерілгеніне шағымданған, ол шамамен екі апта бұрын ауруханаға ауыстырлған.

Президент Шавкат Мирзияев 19 мамырда Әндіжан облысы Угукнор ауданына сапары кезінде мәлімдеме жасап, алдағы екі-үш айда бұрынғы бас прокурор ұлттық телеарна арқылы халықтан кешірім сұрайды деді.


– Қазір (бұрынғы - ред.) бас прокурор барлық жақтастарымен бірге түрмеде отыр. Бірнеше милллион доллардан өткізіп жатыр. Екі-үш айдан соң мен оның барлық телеарналардан ағынан жарылғанын ұйымдастырамын. Өйткені ол барлық жерде жемқорлық таратқан. Әрбір аудан прокурорынан 30-40 мың доллардан алып отырған. Ол – баукеспе ұры. Сол себепті прокуратура органдарындағы қызметкерлердің 70 пайызы жұмыстан шығарылды. Мен онда адал ниетті адамдарды тағайындадым. Әлдекім сатқындық жасаса, Қадыровтың жолын құшады, – деді президент Шавкат Мирзияев.

ІІМ-дегі дерек көзінің айтуынша, бұрынғы бас прокурор Рәшид Қадыров ұлттық телеарналарда ағынан жарылып, президент пен өзбек халқынан кешірім сұрауға келіскен.

Еске салайық, Рәшид Қадыров биыл 22 ақпанда "ақша бопсалау", "қызметін асыра пайдалану", "пара алу" айыптары бойынша ұсталды.

66 жастағы Қадыров Өзбекстанның бас прокуроры қызметіне 2000 жылы тағайындалып, 2015 жылы сәуірде қызметінен алынған. Биыл 5 наурызда республиканың ішкі істер министрлігі оның 39 жастағы ұлы Әлішер Қадыровты халықаралық іздеуге берді. Қазіргі күнге дейін бұрынғы бас прокурор мен оның ұлына жарты миллиард доллардың шағымдары түскен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x