Қазақ курсанты Халықаралық олимпиадада II орынды иеленді (фото)

Dalanews 23 сәу. 2018 11:38 254

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өткізіліп, институт курсанттары абсолюттік командалық есепте жүледі екінші орынды иеленді.

Халықаралық олимпиадаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 7 елінен командалар қатысты, олар: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы.



      ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы – Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С.Жасұзаковтың тікелей жетекшілігімен өткізілген олимпиаданың негізгі мақсаты, әскери-оқу орындарының офицерлік құрамның сапалы дайындығына үлкен көңіл бөлу, әскери мамандарды сапалы түрде дайындау, кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби деңгейін көтеру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру және де жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру болып табылады.
2 сәуірден бері ТМД елінің курсанттары 3 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынады. Қарсыластарымыз өз елдерінде өткен байқаудың жеңімпаздары болатын.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы атынан Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев зиаткерлік мектепбінің түлегі 2 курс курсанты Майлыбаев Алпамыс Ерланұлы өнер көрсеткен болатын.
Алпамыс аталған сайыстың команда сапында бірінші рет сынға түсіп, институтымызды жүлделі екінші орынға жеткізіп, ел абыройын асқақтатты.

Осыған орай институт басшысы полковник Мұстабеков Асқар Досбосынұлы, осындай білімге құштар талабы жоғары азамат дайындаған Шығыс Қазақстан облысына, Семей қаласы Н.Назарбаев зиаткерлік мектепбі ұжымына және ата-анасына алғысын білдіреді.



Курсант Майлыбаев Алпамыс Ерланұлы жалпы оқудан бөлек, әскери тәртіпті жоғары ұстанатын, оқуда озат, өнерде белсенді, қатарына үлгі, қоршаған ортасында сыйлы азамат. Әскери институт ұжымы болашақта Алпамыстан антына адал, Қазақстан Армиясының абыройын асқақтатар офицер болатынына сенімді.

 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x