"Уа, Нұр-Атам – Құдайым". Танымал ақын Назарбаевты тағы да тәңірге теңеді

Dalanews 23 сәу. 2018 05:30 326

Назарбаев пен оның әулетіне өлең арнаумен аты шыққан ақын Балтабек Нұрғалиев Назарбаевқа кезекті жыр шумағын жолдаған екен.  Президентті тағы да құдайға теңепті...


Ақын президентке арнаған өлеңін Facebook парақшасында жария еткен.

Жұмақ-есті Жаратқан

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына ізгі ниетпен арнадым!

Уа, Нұр-Атам – Құдайым,

Сайтан қашқан сесінен.

Жұмақ аңқыр ылайым,

Елбасылық есінен!

Сізден басқа жоқ Құдай,

Құдай тұтам мен, расы.

Елім айтар дөп бұлай:

"Есі жұмбақ елбасы"!

Бақ боп бізге бұйырған,

Қазағымның құт-ары.

Жүректерге құйылған,

Жұмақ-Естің жұпары.

Қазақ дейтін әлсізді,

Ел еттіңіз ерікті.

Өмір дейтін мәнсізді,

Гүл еттіңіз көрікті.

Барлық мадақ тән Сізге,

Таңым үшін әр атқан.

Қуат қазақ – әлсізге,

Жұмақ-есті жаратқан.

Құдайым деп құптағам,

Бар әмірің – бақ-үлес.

Жұмақ-Есті ұқпаған

жанның бәрі – Жарым-Ес.


Айта кетелік, Балтабек Нұрғалиев бұған дейін де президентке жыр шумақтарын арнаған еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x