Орыс мектебіне ауысқан мұғалім: "Біз Ресей патриоттарын тәрбиелеп жатырмыз"

Dalanews 05 сәу. 2018 03:58 233

Орыс мектебіне ауысқан таныс мұғалім: " сыныпта балалармен Отан, патриоттық тақырыбында сөйлескен едім.

28 баланың 8-і ғана( қазақ балалар) өздерін патриотпыз деді.

Қалғандары (көбі басқа ұлт немесе аралас некеден туғандар) Қазақстанды отаным демейді, сондықтан өздерін патриот деп санамайды.
Бірі Ресейдің патриотымын, отаным -Ресей десе, енді бірі Германия, Израиль деп жатты.

Мектепті бітірген соң сол жаққа кетеміз, уақытша жүрміз деген".

Тілдері орысша шыққан қалада туып-өскен қазақ баласында да сондайлық отаным, қазағым дейтіндей сүйіспеншілік байқамадым.

Бұған дейін қазақ мектебіндегі балалардың барлығының " Отаным- Қазақстан! Мен елімнің патриотымын" дегендерін естіп үйренген ол мынаны көріп, жүрегінің мұздап кеткенін айтты.

Сонда қалай болғаны? Қазақ елінде басқа елдердің патриоттарын тәрбиелеп жатырмыз ба?
Жалпы орыс мектептерінде оқитын қазақ балаларының бойынан өз ұлтына деген сүйіспеншілік табылмайтындай жағдайға келе жатқан жоқпыз ба?

Бұған назар аудару керек деп санаймын.

 

Бақыт Жаншаева


Фейсбук парақшасынан 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x